"Қолыңды бер, достым!" Көрісу күні құтты болсын!!!
Көрісу күні – қазақ халқының көктемді қарсы алатын, адамдар бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасатын ерекше дәстүрлі мерекесі. Ол жыл сайын 14 наурызда атап өтіледі және Наурыз мейрамы алдындағы маңызды күндердің бірі болып саналады. Бұл күні адамдар ерте тұрып, туыстарын, көршілерін, достарын аралап, «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!» деп бір-біріне жылы тілектер айтады. Ұзақ уақыт көріспеген жандар қол алысып, құшақтасып, өкпе-реніштерін ұмытып, татуласады. Сондықтан бұл күн – бірлік