1- Наурыз "Алғыс айту күні" мерекесі.
Алғыс айту күні құтты болсын!
1 наурыз – Алғыс айту күні – жүректерді жақындататын, мейірім мен ризашылықты дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн – бір-бірімізге құрмет білдіріп, қолдау көрсеткен жандарға шынайы алғыс айтуға берілген мүмкіндік.
Біз үшін балабақша – тек білім мен тәрбие ошағы ғана емес, ол – жылулық пен сенімнің, бірлік пен ынтымақтастықтың мекені.
Құрметті әріптестер, сіздердің кәсібиліктеріңіз бен балаларға деген шексіз махаббаттарыңыз үшін алғыс айтамыз!
Құрметті ата-аналар, сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз үшін ризашылығымыз шексіз!
Ал біздің бүлдіршіндерімізге – күн сайын сыйлайтын күлкілері мен шаттықтары үшін үлкен рахмет!
Алғыс айту – бұл тек сөз емес, бұл – жүректің үні.
Мейіріміміз молайып, бірлігіміз нығайып, әр шаңырақта тыныштық пен береке болсын!