Қалалық сенбілік!!! Тазалық — табалдырықтан басталады
Тазалық — табалдырықтан басталады Көктем шыға, күн жылынып, жер ана бусанған шақта, баршамызға ортақ бір жақсы дәстүр — сенбіліктер басталады. Сенбілік — бұл тек қана қоқыс жинау емес, бұл — үлкен ұйымшылдықтың, экологиялық мәдениеттің және туған жерге деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Айналамызды таза ұстау — әрбір азаматтың парызы. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балабақшамыз ұжымы аулаларды тазартып, ағаш егіп, гүлзарларды ретке келтірді. Сенбілік күні көшелердегі қоқыстар жиналып,