06
мамыр
2026
7 Мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі
7 Мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай балабақшамызда мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекенің мақсаты – балаларға Отанды сүюге, елін қорғауға құрметпен қарауға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер Отан туралы ән айтып, тақпақтар оқып, қызықты ойындар мен эстафеталық жарыстарға қатысты. Ұл балалар батылдық пен ептіліктерін көрсетсе, қыздар мерекелік құттықтауларын арнады.
Мереке көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, балаларға ерекше әсер сыйлады. Осындай шаралар арқылы жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігі артып, Отан қорғаушыларға деген құрметі нығая түседі.
https://www.instagram.com/p/DX_j8K7khZY/?igsh=MWNwMTQ5MGdvYm1yeg==