28
сәуір
2026
"Бірлігі жарасқан Қазақстан" атты 1-мамыр Бірлік күніне орай өткізілген іс шара
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай балабақшамызда мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекенің мақсаты – балаларға достық, татулық және бірлік туралы түсінік беру, әр ұлттың мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, тақпақтар оқыды. Әр ұлттың ұлттық киімдері таныстырылып, балалар өз өнерлерін ортаға салды. Көңілді ойындар ойнатылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.
Мереке өте жоғары деңгейде өтіп, балалар ерекше әсер алды. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың достық пен бірлікті қадірлеуіне үлкен ықпал етеді.
https://www.instagram.com/reel/DX_UyGssUBF/?igsh=MWphMXN6Y2RtaXdyOA==