🏡 «Менің бақытты отбасым» 🏡 атты сурет көрмесі
"Қазақстан тұрмыстық зорлық зомбылықсыз ел" жобасын іске асыру шеңберінде барлық мектепке дейінгі ұйымдарда 🏡 «Менің бақытты отбасым» 🏡 атты сурет көрмесі өткізілді. "Отбасы – әр адамның ең қымбат қазынасы. Мен өз отбасымды өте жақсы көремін. Отбасымда әкем, анам және мен бармын. Біз бір-бірімізді сыйлаймыз, жақсы көреміз және әрдайым қолдау көрсетеміз" деген әдемі сөздермен балабақшамыздың бүлдіршіндері өз шығармашылықтарымен бөлісті. Менің отбасым – менің бақытым, қуанышым және мақтанышым.