Материалы за Наурыз 2026 года » ГККП Ясли сад № 56
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№56 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 268-78-00
Әдіскер:
+7(727) 268-86-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Наурыз 2026 года
18- Наурыз "Ұлттық киім күні!"
18
наурыз
2026
18- Наурыз "Ұлттық киім күні!"
Ұлттық киім күні – Наурыз мейрамы аясында атап өтілетін ерекше күндердің бірі. Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық киімдерін насихаттау және таныту Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге деген құрметті арттыру Жастардың ұлттық құндылықтарға қызығушылығын ояту Халықтың тарихи мұрасын сақтау және ұрпаққа жеткізу Эстетикалық талғам мен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру Бұл күн адамдарды ұлттық киім кию арқылы өз тамырын сезінуге, мәдениетіне мақтанышпен қарауға тәрбиелейді.
"Ырысын шашқан Наурыз!"  ересек Қызғалдақ тобының мерекелік ертеңгілігі
17
наурыз
2026
"Ырысын шашқан Наурыз!" ересек Қызғалдақ тобының мерекелік
Ырысын шашқан Наурыз мейрамы Наурыз – халқымыздың ең көне әрі ең сүйікті мерекелерінің бірі. Бұл күн – табиғаттың жаңарып, күн мен түннің теңеліп, жаңа жылдың басталуын білдіреді. Сондықтан Наурызды «ырысын шашқан» деп атайды. Бұл мерекеде адамдар бір-біріне ізгі тілектер айтып, өкпе-реніштерін ұмытып, татуласады. Әр үйде дастархан жайылып, Наурыз көже дайындалады. Бұл – молшылық пен берекенің белгісі. Наурыз – тек мереке ғана емес, ол – бірлік пен достықтың, жақсылық пен мейірімділіктің
Ортаңғы "Толқын" тобының "Армысың, әз Наурыз!" атты мерекелік ертеңгілігі
17
наурыз
2026
Ортаңғы "Толқын" тобының "Армысың, әз Наурыз!" атты мерекелік
Наурыз мейрамы – көктемнің келуін білдіретін ұлттық мереке. Бұл күні табиғат жаңарып, адамдар бір-біріне жақсы тілектер айтып, мерекені қуанышпен қарсы алады. Дастархан жайылып, Наурыз көже дайындалады, ән айтылып, ойындар ойналады. Наурыз – бірлік, татулық және жаңару мерекесі. 🌸 https://www.instagram.com/reel/DV_bf7EjOC-/?igsh=MTU3OGxuZ3k0bmQ2cA==
Ортаңғы "Балапан" тобының Наурыз мерексіне арналған ертеңгілігі
17
наурыз
2026
Ортаңғы "Балапан" тобының Наурыз мерексіне арналған ертеңгілігі
Құрметті балалар! Бүгін біз ерекше әрі қуанышты мерекені қарсы алып отырмыз. Бұл – Наурыз мейрамы! Наурыз – көктемнің келуімен бірге табиғаттың жаңарып, күннің жылып, айналаның гүлге толатын кезі. Бұл күні адамдар бір-біріне жақсылық тілеп, қуаныш сыйлайды. Балалар, Наурыз – достық пен мейірімділік мерекесі. Біз бүгін бірге ән айтып, би билеп, ойын ойнап, көңілді уақыт өткіземіз. Үлкендерге құрмет көрсетіп, бір-бірімізге жылы сөздер айтамыз. Наурызда дастархан жайылып, дәмді тағамдар
"Ұлттық киім күні" құтты болсын!!!
17
наурыз
2026
"Ұлттық киім күні" құтты болсын!!!
Ұлттық киім күні – Наурыз мейрамы аясында балабақшада өткізілетін тәрбиелік мәні зор мереке. Мақсаты: Балаларға қазақтың ұлттық киімдері туралы түсінік беру Ұлттық дәстүрлер мен мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру Балалардың қызығушылығын арттыру арқылы танымдық қабілеттерін дамыту Әдемілікке, ұқыптылыққа және талғампаздыққа тәрбиелеу Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету Бұл күнде балалар ұлттық киім киіп, ән айтып, би билеп, ойындар ойнап, қазақ халқының бай мәдениетімен танысады.
Біз буллингке қарсымыз!!!
13
наурыз
2026
Біз буллингке қарсымыз!!!
Біз буллингке қарсымыз! Буллинг – бұл біреуді әдейі ренжіту, қорқыту немесе кемсіту. Мұндай әрекеттер ешқашан дұрыс емес. Әр бала мейірім мен құрметке лайық. Біз достықты, сыйластықты және қолдауды таңдаймыз. Бір-бірімізге көмектесіп, жақсы сөз айтып, әрқашан бірге боламыз. Егер біреу қиындыққа тап болса, біз оны қорғамыз, жалғыз қалдырмаймыз. Өйткені біз – біргеміз! Біз буллингке қарсымыз – біз достықты қолдаймыз! 💙 https://www.instagram.com/reel/DV8ZL4AjLxC/?igsh=cHhubHpjNTBqeXMw
"Қолыңды бер, достым!"  Көрісу күні құтты болсын!!!
13
наурыз
2026
"Қолыңды бер, достым!" Көрісу күні құтты болсын!!!
Көрісу күні – қазақ халқының көктемді қарсы алатын, адамдар бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасатын ерекше дәстүрлі мерекесі. Ол жыл сайын 14 наурызда атап өтіледі және Наурыз мейрамы алдындағы маңызды күндердің бірі болып саналады. Бұл күні адамдар ерте тұрып, туыстарын, көршілерін, достарын аралап, «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!» деп бір-біріне жылы тілектер айтады. Ұзақ уақыт көріспеген жандар қол алысып, құшақтасып, өкпе-реніштерін ұмытып, татуласады. Сондықтан бұл күн – бірлік
Меңгеруші: Оспанбекова Гүлнара Әкімбекқызы
05
наурыз
2026
Меңгеруші: Оспанбекова Гүлнара Әкімбекқызы
Оспанбекова Гүлнара Әкімбекқызы 1987 жылы 9 қаңтарда Алматы облысы, Панфилов ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, жынысы – әйел. Қазіргі уақытта тұрмыста, отбасы құндылықтарын жоғары бағалайды. Орта білімін алған соң, 2008 жылы Алматы қаласы Гуманитарлық коммерциялық колледжін бітірді. Кейіннен өзінің кәсіби білімін жетілдіріп, 2024 жылы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетін тәмамдады. Гүлнара Әкімбекқызы еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласы, Әуезов ауданы, КМҚК «№56
Мектеп алды "Құлыншақ" тобының "Ана өмір шуағы" атты ертеңгілігі
05
наурыз
2026
Мектеп алды "Құлыншақ" тобының "Ана өмір шуағы" атты ертеңгілігі
Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан,  ананың ақ сүтінен дариды. Ана – ұлы  адам. Ана құдіретті жан! Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе? Сол құдіретті иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз.          Ақ сүтінен жаралған, Ақ сүтінен нәр алған, Анаға бас иеміз https://www.instagram.com/reel/DVsVJTqDL47/?igsh=MXFhNzh0a2l0a3IwMw==
8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік. Ересек "Қызғалдақ" тобы.
05
наурыз
2026
8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік. Ересек "Қызғалдақ"
Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар! Гүл көктем, ару көктем, күн көктем! Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз!Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер! Балалардың сіздерге арналған «Мерекеңмен анашым!» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.