Әдіскер: Абдикахарова Милана Абдикахаровна- білімі жоғары, педагог-модератор
Абдикахарова Милана Абдикахаровна, 1994 жылғы 25 маусымда дүниеге келдім.2001 жылы жалпы білім беретін мектептің бірінші сыныбына қабылданып, мектеп қабырғасында сапалы білім мен саналы тәрбие алдым. Мектепті сәтті аяқтағаннан кейін жоғары білім алу мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне оқуға түсіп, «Психология» мамандығы бойынша білім алдым. Студенттік жылдары өз мамандығымды терең меңгеріп, балалардың психологиялық дамуы мен тәрбиесіне қатысты білімімді жетілдірдім.
Еңбек жолымды алған білімім мен кәсіби біліктілігімді тәжірибеде қолдана отырып жалғастырдым. 2015 жылы №106 бөбекжай-балабақшасына педагог психолог маманы болып жұмысқа орналастым. Қазіргі уақытта КМҚК №56 бөбекжай-балабақшасында қызмет атқарамын. Өз жұмысымда жас ұрпақтың жан-жақты дамуына, олардың психологиялық саулығы мен тәрбиесіне ерекше көңіл бөлемін. Балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, олардың қабілеттерін дамытуға және қолайлы орта құруға өз үлесімді қосып келемін.
Отбасылық жағдайым – тұрмыстамын. Жолдасыммен бірге екі бала тәрбиелеп отырмыз. Отбасы құндылықтарын жоғары бағалаймын, бала тәрбиесіне, олардың білім алып, саналы азамат болып қалыптасуына ерекше мән беремін.
Өзіме жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарып, кәсіби дамуға және білімімді үнемі жетілдіруге ұмтыламын. Ұжыммен сыйластық қарым-қатынас орнатып, қоғамға пайдасы тиетін, өз ісіне адал маман болуды басты мақсатым деп санаймын.