Медбике: Бегилдаева Шынар Жандарбековна-білімі жоғары

Бегилдаева Шынар Жандарқызы
1970 жылы 7 қыркүйекте Жамбыл облысы, Лугавой ауданы, Алғабас совхозында дүниеге келген. Ұлты- қазақ, жынысы- әйел. Тұрмыста, екі баланың анасы, адал жар, аяулы ана.
Орта білімін аяқтаған соң, Жамбыл облысындағы медициналық училищені аяқтады. Кейіннен 2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Экономист-менеджер» мамандағына түсіп, 2008 жылы университетті бітірді.
Шынар Жандарқызы еңбек жолын 1989 жылдың тамыз айынан бастап, Тараз қаласындағы қалалық аурухананың «Кардиологиялық» бөлімінде мейірбике болып қызмет етуден бастады. Жоғары Санатты, бірнеше марапат иесі атанған.
2004 жылы тұрмыс құрып, Алматы қаласына қоныс аударды. Декреттік демалыстан кейін, 2010 жылдың ақпан айынан бастап Алматы қаласы, Әуезов ауданы, КМҚК «№56 бөбекжай- балабақшасында» мейірбике болып жұмысқа орналысты. Өз ісінің маманы, еңбексүйгіштігімен, үлкен жауапкершілігінің арқасында әріптестері мен балалардың және балалардың ата-анасының үлкен құрметіне ие.
Жалпы еңбек өтілі- жыл, бала-бақшадағы қызмет өтілі-16 жыл.
Еңбек жолында кәсіби еңбегі еленіп, Алматы қаласы Білім Басқармасының Құрмет Граматоларына , аталған мекеменің ұжым басшысынан марапатқа ие.